05.09.2020
Kursiv.kz
2020 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар импорты ақшалай түрде 19%-ға ($531 млн) және нақты көлемде 16%-ға (14 мың тонна) өсті. Соңғы санды күнделікті көрсеткіштерге аударатын болсақ, республикаға күніне 78 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар әкелінеді екен. Айта кету керек, 2018 және 2019 жылдары фармацевтикалық өнімдер импорты ең жақсы жағдайда 10% өсетін.
Қазақстанға дәрі-дәрмек әлемнің 63 елінен әкелінеді. Дамыған Еуропа және Азия елдерінің фармацевтикалық алпауыттарынан басқа, жеткізушілер арасында Оңтүстік Африка, Египет, Македония, Сан-Марино, Пуэрто-Рико, Кипр сияқты елдердің өндірушілерін де кездестіруге болады. Қазақстан фармацевтикалық өнімдердің басым бөлігін Ресейден импорттайды, дәрі-дәрмектің әрбір үшінші тоннасы солтүстік көршіден келеді. Пандемия кезінде РФ қазақстандық фармацевтикалық нарыққа ықпалын күшейтіп, жеткізілім көлемін 64%-ға арттырды. Ең қымбат импорттық дәрілер Германиядан келген тауарлар болды. Неміс фармацевтикалық өнімдері ақшалай есептегенде импорттық дәрі-дәрмек нарығының 16% құрайды.
Бірінші жолда
Kursiv Research дәрілік заттар мен фармацевтикалық өнімдерді сату саласындағы негізгі ойыншылардың рейтингін жасады. Бағалау негізі ретінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша төленген салықтардың көлемі, бөлшек сауда нарығындағы ақшалай түрдегі үлесі (Vi-Ortis фармацевтика саласындағы консалтингтік қызметттер агенттігінің мәліметтері бойынша), 2020 жылдың бірінші жарты жылдығы ішіндегі бірыңғай мемлекеттік дистрибьютордың сатып алуға қатысуы («СК-Фармация» баспасөз қызметінің ақпараты) туралы деректер алынды.
1. «Медсервис Плюс» Қазақ фармацевтикалық компаниясы» ЖШС
Қазақстандағы фармацевтикалық нарықтың екі сегментінде де ең жақсы нәтиже көрсеткен «Медсервис Плюс» ҚФК рейтингті басқарды. «СК-Фармация» сайтындағы ақпарат бойынша, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында компания мемлекетке 14,5 млрд теңгеге дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізген. Vi-Ortis агенттігінің сарапшылары 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Медсервис Плюс» бөлшек сауда нарығында 17% үлеске ие болғанын есептеді. Компания үшінші жыл қатарынан үздік үштікте тұр.
goszakup.gov.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес, компанияның құрылтайшылары екі заңды тұлға: «Group Invest Management» ЖШС және «InroCorp AG» АҚ. Құрылтайшының уәкілетті тұлғасы – shab.ch Швейцарияның сауда тізілімінен үзінді көшірмеге сәйкес, Цюрихке жақын орналасқан шағын коммунасының тұрғыны Бернхард Форстер.
Алдағы бір жарым жылда компания «СК-Фармация» жеткізушілері арасындағы көшбасшылығын жоғалтуы мүмкін. 2019 жылдың сәуір айынан бастап ұйым мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіміне енгізілген. Мұндай шешімді Атырау облыстық ауруханасының ЖШС-ға талап арызын қараған Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Асхат Саудабаев шығарды. Талаптар қабылданған міндеттемелерді орындамаумен байланысты болды.
2016-2017 жылдары Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ҚФК-ға нарықтың басқа қатысушыларымен бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер – картель құрғаны үшін айыппұл салынды. Айыппұл сомасы монополиялық кірісті тәркілеуді есепке алғанда 324 млн теңгені құрады (сот актілерінің деректері).
2. «Аманат» ЖШС
Ұлттық дистрибьютор «Аманат» ең жоғары айналымдар мен бөлшек сауда нарығындағы үлкен үлестің арқасында Kursiv Research рейтингінде екінші орынға ие болды. Vi-Ortis компаниясының өткен жылғы талдауына сүйенсек, дәріхана желілеріне барлық дәрі-дәрмектің 20,9% дәл осы «Аманат» жеткізеді.
kgd.gov.kz сайтының деректері бойынша, компания 2019 жылы бюджетке 3,3 млрд теңге төлесе, 2020 жылдың алты айында төлем сомасы 1,8 млрд теңгеден асты.
24 жыл бұрын кәдімгі дәріхана ретінде бизнесін бастаған қарағандылық дистрибьюторлық компания шетелдік тауар өндірушілермен жасасқан келісімшарттар саны бойынша үздік үштіктің біріне кіреді. Кәсіпорын басшысы – Аян Рысбеков.
3. «INKAR» ЖШС
Vi-Ortis бағалауы бойынша, өткен жылы INKAR бөлшек сауда нарығында сату бойынша көшбасшы болып шықты және мемлекеттік мекемелерге дәрі-дәрмек жеткізушілер арасында кішігірім үлеске ие болды. Мемлекеттік сатып алудың жалпы көлеміндегі үлесі – 7%. sk-pharmacy.kz сайтында хабарланғандай, биыл ЖШС Қазақстанның бірыңғай дистрибьюторына 7,2 млрд теңгеге дәрі-дәрмек жеткізген.
ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері кәсіпорынның салықты жүйелі түрде төлейтінін көрсетеді, бірақ кәсіпорынның айналымдары алғашқы екі бәсекелеске қарағанда азырақ. 2019 жылы «INKAR» ЖШС-нен бюджетке 588 млн теңге түссе, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 350 млн теңге түсті.
2019 жылдың соңында компания басшылығы бизнес-процестерді автоматтандыру бағдарламасының іске қосылғанын хабарлады, оған бес жыл ішінде 3 млн доллардан астам инвестиция салу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы. Ол технологиялық процестерде шетелдік жасанды интеллект жүйелерін қолдануды көздейді. Бағдарламалық роботтар бағалар туралы деректерді өз бетінше бақылайтын және жүктейтін болады, көтерме сатып алушылардың берешегін бақылайды және тендерлік рәсімдерге ақпарат дайындайды. Ұйымның басты тұлғасы – Әлия Ерімбетова.
Осы жылдың қаңтар айында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті кәсіпорынды жосықсыз жеткізушілер тізіміне енгізуге әрекет жасаған, себебі INKAR өкілдері тендер жеңімпаздары ретінде жеткізу шартына уақтылы қол қоймаған. Алайда, фармацевтикалық компания бұл бұйрықты сотта даулады.
4. «Стофарм» ЖШС
Мемлекеттік сатып алу жүйесінің белсенді қатысушысы биыл 12 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік келісімшарттарды орындады. Қостанай облысы Тобыл қаласынан отандық дистрибьютор алыс-жақын шетелдерден дәрі-дәрмекті импорттайды. Vi-Ortis сарапшыларының деректері бойынша, «Стофарм» 2019 жылы бөлшек сауда нарығында 8,7% үлесіне ие болды. Бас директоры – Бауыржан Жұманов.
Соңғы бес жылда «Стофарм» заңгерлері сот талқылауларына 50-ден астам рет қатысты. Өткен жылдардағы атышулы оқиғалардың бірі –ҚР ТМРК картельдермен күресу басқармасының өкілдерінің компанияны «Медсервис Плюс» ҚФК-мен және «ФК «Ромат» ЖШС-мен келісілген әрекеттерде айыптауы болды. Көптеген сот отырысынан кейін Қостанай қаласының әкімшілік сотының шешімімен «Стофарм» компаниясына 93 млн теңге айыппұл салынды.
5. «Ақ ниет» ЖШС
Дәріханалар желісіндегі сату және мемлекеттік сатып алулар бойынша «Ақ ниет» «Стофарм» компаниясымен бір деңгейде тұр. Кәсіпорындардың қалыптасу тарихы да ұқсас. Шымкенттегі шағын дәріханадан бастап, компания ұлттық дистрибьюторға айналды және Europharma дәріханалар желісін иеленді. Кәсіпорын сонымен қатар фитопрепараттар өндіруші болып табылады, минералды суды құю зауыты, өзінің медициналық орталықтары бар.
2019 жылы ЖШС Forbes.kz нұсқасы бойынша ҚР ең ірі жеке компаниялардың рейтингінде 50 компанияның ішінде 36-орынға ие болды. ЖШС жалғыз құрылтайшысы, осы ақпараттық ресурсқа сәйкес, өткен жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ, «Тегіс Мұнай» ЖШС-да лауазымды қызметтер атқарған кәсіпкер Қайрат Итемгенов.
6. Эмити Интернешнл» ЖШС
2019 жылғы Vi-Ortis деректері бойынша, компания Қазақстандағы коммерциялық дәрі-дәрмек нарығының оннан бір бөлігін алып тұр және 269 отандық және шетелдік жеткізушілердің фармацевтикалық өнімдерін сатады. Оның apteka.com сандық платформасы бар, ол арқылы бөлшек дәріханаларға да, қарапайым тұтынушыларға да арналған электронды өтінімдер жүйесі жұмыс істейді.
«Эмити Интернешнл» ЖШС «Катрен» АҚ ресейлік фармацевтикалық компаниялар тобына кіреді. АҚ негізгі акционерлері – миллионерлер Владимир Спиридонов пен Леонид Конобеев. ЖШС жылдық табысы, katrengroup.ru сайтының деректері бойынша, 32 млрд теңгеден асады, соңғы жылы ол 7%-ға өсті.
7. «Зерде» компаниялар тобы
Бөлшек дәріхана сегментінде «Зерде» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС үлесі аз – 4,4%. «Зерде» компаниялар тобына креді. Өткен жылы ҒӨБ бюджетке 166,7 млн. теңге төледі.
«Зерде» ҒӨБ» ЖШС, «Зерде-Фарма» ЖШС, «Зерде-Фито» ЖШС, «Мерей-2» ЖШС – бүкіл топтың жиынтық салық төлемдері 2019 жылы 437 млн теңгені құрады.
Топтың құрылтайшылары, zerdegroup.kz сайтының деректері бойынша, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Мұхтар Битеміров және Түркістан облысы мәслихатының депутаты Бадритдин Нишанқұлов.
Өз үлесі
ҚР Статистика комитетінің деректері бойынша, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық фармацевтикалық өнімдер өндірісі де өсім көрсетті – республиканың фармацевтика өнеркәсібі өндіріс көлемін 23,6%-ға ұлғайтты (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда), отандық компаниялар 61 млрд теңгеге дәрі-дәрмек жөнелтті.
«СК-Фармация» сатып алу көлемдерінде айтарлықтай үлесті отандық өндірушілер құрайды. Мемлекет олардан мемлекеттік ауруханаларға қажетті барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың 34,8% сатып алады. Ақшалай түрде бұл көрсеткіш бірінші жартыжылдықта 37 млрд теңгені құрады.
Отандық өндірушілер арасында дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алудағы ең қомақты үлестер – шымкенттік «Химфарм» АҚ-да (12%) және «Нобель АФФ» АҚ-да (11%). «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-не «СК-Фармация» сатып алуларының жалпы көлемінің 7%, Abdi Ibrahim қазақ-түрік компаниясына – 4,8% келеді.