Бірыңғай дистрибьютор бүгінгі күні дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 1581 түрін сатып алып, жылдық жоспардың 91,5 пайызын құрап отыр.
2025 жылдың 5 қаңтарында медициналық ұйымдарға 18,14 млрд теңгенің дәрілік заттарын жөнелту басталды. Сатып алу қорытындысы бойынша бюджетті үнемдеу 56,6 млрд теңгеден астамды құрады. Бұл қаражат басым бағыттар бойынша дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалады.
Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмек жеткізуге 188,3 млрд теңгеге 689 ұзақ мерзімді, 70 млрд теңгеге 117 тікелей келісім-шарт, 12,6 млрд теңгеге 21 тікелей келісімшарт жасасқан.
Бұл ретте жекелеген аурулармен ауыратын азаматтарды тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен өнімдердің тізбесі нақтылануда. Өзгерістердің негізі халықаралық тәжірибе болды, ал пациентке бағытталған тәсілге баса назар аударылды, бұл пациенттерді емдеудің қолжетімділігі мен тиімділігін арттырады.
Қажеттіліктерді нақты есепке алу үшін министрлік дәрілік заттарды автоматтандырылған есептеудің жаңа әдістемесін әзірледі.
Учаскелік дәрігерлер пациенттердің деректерін ақпараттық жүйелерде толтырады, бұл жекелендірілген тәсілді және қорларды уақтылы толықтыруды қамтамасыз етеді.
Источник: Фармацевтическое обозрение Казахстана, pharm.reviews