Жаңалықтар

Олжас Бектенов ЕАЭО елдерін жоғары технологиялық дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісін дамытуға шақырды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мәскеуде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО-ға мүше елдердің үкімет басшыларымен өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады. Сауда қатынастарын нығайту, Одақтың транзиттік-көліктік әлеуетін іске асыру, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттыру және экономикалық үдерістерді цифрландыру мәселелері қаралды.

Олжас Бектенов сауда қатынастарын дамыту мәселесінде алға қойылған мақсаттарға сәйкес ЕАЭО-ның экономикалық әлеуетін ашу бойынша жұмысты жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

«Одақтың басым міндеті бизнесті қолда бар мүмкіндіктер мен қолдау құралдары туралы ақпараттандыру бойынша күш-жігерді күшейту болуы керек. Бүгінгі таңда ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары жоғары технологиялық дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру болуы мүмкін. Бұл өнім түрлерін шығару көлемінің артуы мұндай тауарлардың үшінші елдерден әкелінуін азайтуға мүмкіндік береді», - деді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.

Источник: Казахстанский Фармацевтический Вестник, pharmnews.kz