Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың фармакопеясын құру бойынша әдістемелік нұсқауларды және дәрілік заттардың сапасын бақылау бойынша басқа да құжаттарды жариялады, деп хабарлады ЕЭК.
Әдістемелік нұсқауларды ЕАЭО фармакопеясын әзірлеу моделі мен қағидаттарын айқындайтын мүше мемлекеттердің фармакопеяларын үйлестіру тұжырымдамасы аясында Еуразиялық экономикалық одақтың Фармакопея комитеті әзірледі.
Жарияланған құжаттар Одақ фармакопеясының фармакопеялық мақалаларын әзірлеудің бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Комиссия актілерінде көзделген дәрілік заттарға техникалық шарттар мен сапа жөніндегі нормативтік құжаттардың мәтіндерін дайындау және ұсыну бойынша практикалық ұсыныстар береді.
Кітап электронды түрде Комиссияның сайтында қолжетімді .
Басылым ЕАЭО елдерінің дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті органдары мен ұйымдарының қызметкерлеріне, фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметкерлеріне және химиялық-фармацевтика саласындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.
Источник: Казахстанский Фармацевтический Вестник, pharmnews.kz