БАҚ

"Медсервис Плюс": қоймадан босатылатын дәрілердің көлемі жеті есеге артты объемы

15.07.2020
"Алматы" телеарнасы
Препараттарды жедел рәсімдеу және сертификаттау бойынша бұрын-соңды болмаған қолдау шаралары ірі жеткізушілерге шетелден жеткізілетін дәрілік заттардың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Медсервис плюс» фармацевтикалық компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Саида Ерденбекова Алматыдағы коронавирус пандемиясына байланысты күшейтілген режимдегі фармацевтикалық қойма жұмысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, қойманың 80 қызметкері мегаполистің дәріханаларына қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін аянбай еңбек етуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар, С.Ерденбекованың айтуынша, соңғы екі аптада өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмекке қатты сұраныс туындаған. Дәріханаларға жөнелтілетін дәрілердің көлемі әдеттегі кезеңмен салыстырғанда жеті есеге жуық өсті. Бұл қоймада дәрі-дәрмектің 12 мың атауы бар. Күн сайын компания дәрілік жүк тиелген жетіге жуық жүк көлігін қабылдайды.

«Күн сайын біз үлкен жүктер, шамамен 5-7 жүк көлігін қабылдаймыз. Бұл тауарлар қоймада өңделеді, содан кейін Алматы қаласының дәріханаларына таратылады. Біздің кәсіпорын қаладағы 700-800-ге жуық дәріханаға қызмет көрсетеді», - дейді С. Ерденбекова.

«Медсервис плюс» компаниясының қоймасы 2016 жылы іске қосылды. Мұнда австриялық конвейерлік желілер, гравитациялық сөрелер және еуропалық өндірістің басқа да жабдықтары қолданылады.

«Пандемия кезінде адамдар тыным көрмей жұмыс істейді. Кейде мегаполистің дәріхана желілеріне тауар жеткізу үшін қараңғы түнге дейін қалады. Қаладағы, елдегі жағдайды бәріміз жақсы түсінеміз, сондықтан бастама қызметкерлерден шығады, қажет болса түннің бір уағына дейін тұрамыз», - деп бөлісті С. Ерденбекова.

Оның айтуынша, қала басшылығы компанияға жан-жақты көмек көрсетуде, соның ішінде сәйкестік сертификаттарын жеделдетіп алу, логистика және тасымалдау бойынша.

«Әкімдіктің көмегі зор, ол жүк түсіру және тарату үшін еріктілерді, жібереді, тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз етеді. Кеден органдарының жұмысы жақсарды. Бұл күндері шетелден келетін дәрі-дәрмек тиелген жүктер жеделдетілген режимде өңделуде. Барлық туындаған мәселелер онлайн режимінде шешіледі. Бұл өте ыңғайлы. Қай дәріханада дәрі-дәрмек тапшылығы бар, кімге көмек керек, әкімдік қандай өзекті мәселелерді шеше алатынын білеміз», - деді С. Ерденбекова.

«Медсервис плюс» компаниясының қоймасы сонымен қатар гуманитарлық көмек ретінде жіберілген дәрі-дәрмектерді тарату операторы болып табылады.

«Кеше ДДҰ денсаулық сақтау желісі арқылы көмек келіп түсті. 8 жүк көлігі келді, қазір қабылдаумен және аймақтар мен Алматы қаласы бойынша тарату жұмыстарымен айналысып жатырмыз», - деді С. Ерденбекова.

Барлық гуманитарлық көмек емханалар мен ауруханалар арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында бөлінеді. Бөлу бүкіл Қазақстан бойынша 14 филиал арасында жүзеге асырылады.