Ақмола облысында медициналық мақсаттағы бұйымдарды логистика бойынша пилоттық жоба басталды.
Денсаулық сақтау саласындағы бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС ұлттық пошта операторы «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, медициналық бұйымдардың логистикасын оңтайландыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосты. Жоба аясында «Қазпочта» АҚ өзінің логистикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қызметін тегін көрсетеді.
Ынтымақтастықтың негізгі артықшылықтары:
• Заманауи қойма қондырғылары. Қойма аумақтары температура, ылғалдылық және санитарлық нормалар бойынша талаптарға сай келеді, бұл медициналық бұйымдардың сапасын сақтауға кепілдік береді.
• Кең жеткізу географиясы. Қазақстанның кез келген аймағына, соның ішінде шалғай елді мекендерге өнімді жылдам және сенімді жеткізу.
• Өндірістік қабілеттілік. Жүкті нақты уақыт режимінде қадағалау мүмкіндігі.
• Стандарттарға сәйкестік. Ұлттық стандарттарға толық сәйкестік, сонымен қатар мемлекеттік органдарға есеп беру.
Логистика бөлімінің басшысы Сәкен Мелдебаев жобаның маңыздылығын атап өтті:
«Бұл жоба бізге логистикалық процестерді айтарлықтай оңтайландыруға және еліміздің ең шалғай аймақтарында медициналық өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Қазпочта» АҚ-мен келіссөздер олардың кең инфрақұрылымды пайдалана отырып, жоғары сапалы қызмет көрсетуге дайын екендіктерін растады. Бұл ынтымақтастық жұмысымыздың тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болатынына сенімдімін».
Жоба Ынтымақтастық келісімі және ақысыз қызметтерді көрсету туралы келісім аясында жүзеге асырылуда. Екі ұлттық оператор арасындағы бұл серіктестік бүкіл ел бойынша медициналық құралдардың қолжетімділігі мен ашықтығын жақсартуға көмектеседі.
Источник: Казахстанский Фармацевтический Вестник, pharmnews.kz