Жаңалықтар

Мамандар АИТВ емдеудің жаңа бағытын анықтады

АҚШ Солтүстік-Батыс университетінің бір топ зерттеушісі АИТВ емдеудің жаңа бағытын таба алғанын хабарлады. Бұл туралы толығырақ Science Advances журналы жазады.

АИТВ инфекциясы әдетте антиретровирустық терапиямен емделеді. Ол вирустың репликациясын және таралуын басады, бірақ пациентті аурудан толық құтқара алмайды. Себебі, вирус иммундық жасушалардың ішінде жасырынуы мүмкін. Жаңа емдеу әдісі жасырын вирусты ағзаның иммундық жүйесі мен антиретровирустық препараттар анықтайтындай етіп оны мәжбүрлеп белсендіруге негізделген.

Ғалымдар қазірдің өзінде АИТВ іздеуде дәрілердің тиімділігін арттыратын жаңа iPAF1C препаратын алды. Әзірге олар оны жұқтырған төрт пациенттің қанына ғана тексерді.

Дереккөз: Қазақ фармацевтикалық жаршысы