2020 жылдың 10 шілдесі
Dailynews.kz
АЛМАТЫ. Алматы халықаралық әуежайына Ресейден дәрілік препараттары бар алғашқы әуе рейсі қонды, деп хабарлайды DailyNews.kz қаланың ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
Бүгін Ресейден екі рейспен барлығы 55 тонна дәрі-дәрмек келеді, бұл ретте жүк құрамында 10-нан астам әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектің, оның ішінде қызуды басатын және COVID-19 қарсы басқа да заттардың 3 миллионға жуық қаптамасы бар. Тізімде азитромицин, цефтазидим, ибупрофен, фраксипарин, метронидазол, цефтриаксон, гепарин, нимесулид, левофлоксацин, меропенем ұнтағы, эноксапарин-бинергия және басқа да препараттар бар.
Азаматтық авиация комитетінің арнайы ұшақтарымен дәрілік препараттардың жедел жеткізілуі ҚР үкіметінің нарықты ең сұранысқа ие дәрілік заттармен шұғыл түрде толтыру бойынша жүзеге асырып жатқан шараларының бірі болып табылады. Мұндай рейстер дәрі-дәрмек нарығын қанықтыру және дәріханалар желісін қажетті дәрі-дәрмектермен үнемі толықтыру үшін тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.
Алматы қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы дәрі-дәрмектерді жедел жеткізу, рәсімдеу және сатуға көмектесу үшін барлық шараларды қабылдады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінше, дәрілік заттар мен препараттарды сертификаттау үш күн ішінде декларациялау арқылы жүзеге асырылады.
«Біз ҚР үкіметіне дәрілік заттарды сертификаттау рәсімдерін жеңілдету, жаңа препараттарды тіркеуді жеделдету және жылдам жеткізу туралы ұсыныс жасадық. Бұл ұсынысты Экономикалық өсім жөніндегі мемлекеттік комиссия қолдады. Осылайша, біз дәрілік заттарды сертификаттау және препараттарды жеткізу рәсімдерін жеңілдетуге қол жеткіздік. Осы шаралардың барлығы жедел жеткізіп, қаланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Алматы қаласы әкімдігінің қаланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың шілде айының ортасында Үндістаннан дәрі-дәрмектің екі партиясы келеді деп күтілуде.
Келген бойда дәріханаларға әрі қарай жеткізу үшін дәрі-дәрмектер төрт ірі фармацевтикалық компанияға таратылады. Олар «Медсервис плюс» ҚФК» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ, INKAR желілері.
«Химфарм» АҚ-да айтқандай, вирусқа қарсы препараты бар жүк Қазақстанға сондай-ақ мемлекеттің шұғыл әуе жеткізіліміндегі қолдауының арқасында келген.
«Компания барлық қажетті шараларды қабылдап, өз кәсіпорнында дәрі-дәрмек өндірісінің көлемін ұлғайтып қана қоймай, Ресейдегі серіктестері – қазақстандық «Химфарм» АҚ-да өндірілмейтін вирусқа қарсы препараттарды шығаратын «Акрихин» компаниясымен байланысқа шықты. Осы ынтымақтастықтың және мемлекеттердің Мәскеуден Қазақстанға көліктік әуе рейсін ұйымдастырудағы жедел қолдауының арқасында бүгін вирусқа қарсы «Осельтамивир» препаратының үлкен партиясы бар жүкпен рейс келді. Бұл препарат дереу дистрибьюторлық компанияларға жөнелтіліп, жақын күндері еліміздің дәріханаларына жеткізілетін болады», - деп хабарлады «Химфарм» АҚ-да.
Сондай-ақ, РФ-дан келетін жүктен бөлек, шілде айының соңына дейін Алматыға шамамен 4,2 млн қаптама әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмек жеткізіледі деп күтіліп отырғанын айта кеткен жөн.
«Бүгін біз үкіметтің қолдауымен Ресейден екі ұшақ келеді деп күтудеміз. Ең қажетті препараттар келіп жатыр. Біз ең керектің 13 жуық атауы бойынша қажеттілігін жабамыз. Бұл азитромицин, цефтриаксон, ибупрофен және басқалар. Үндістаннан да жеткізу жоспарлануда. Ұшақтармен тек коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған препараттар келеді», - деді «INKAR» ЖШС бас директоры Әлия Ерімбетова.
Өз кезегінде «НОБЕЛ Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ-да жедел жеткізілетін препараттар бірінші қажеттілік қатарында екенін және пандемиямен байланысты екенін атап өтеді. Оларға кең ауқымды әсердегі антибиотиктер жатады. Әкелінген препараттар одан әрі жеткізу үшін дистрибьюторларға табысталады.