2021 жылдың 04 сәуірі
Forbes.kz
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыспен айналып өтуді жалғастыру аясында №7 қалалық клиникалық аурухана мен «Медсервис Плюс» ҚФК» ЖШС қоймаларына барып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты жаппай вакцинациялау үшін жеткізетін вакциналар дозаларын қабылдау және сақтау инфрақұрылымының дайындығымен танысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Егу пункттеріне әрі қарай таратылғанға дейін вакциналар қоймаларда сақталады. Әкім вакциналарды сақтау және тарату алгоритмімен танысты, олардың дұрыс сақталуы үшін жасалған жағдайларды тексерді.Тауарларды қабылдау алаңында болып, тоңазытқыш камераларды қарап-тексерді.
Айта кету керек, вакциналарды сақтау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес келетін тоңазытқыш камералар сатып алынған. Қауіпсіздік үшін үш деңгейлі бақылау жүйесі, резервтік және негізгі тоңазытқыш агрегаторлары, 4 температура мен ылғалдылық бергіштері, электронды және механикалық термореттегіштер жұмыс істейді. Жалпы, қоймада әртүрлі медициналық мақсаттағы бұйымдар мен препараттар сақталатынын ескере отырып, әртүрлі сақтау және ылғалдылық пен ауа алмасуды бақылау аймақтары қарастырылған.
«Медсервис Плюс» ҚФК» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры Саида Ерденбекова вакцина екі контейнерде келіп түсетінін айтты. Бұл тәуекелдерді басқару және қауіпсіздік үшін қажет, өйткені термобокстер техникалық ақаулар кезінде температураны сақтауға мүмкіндік береді. Вакциналарға тағайындалған медицина қызметкерлері вакцинамен дұрыс жұмыс істеуге және онымен тікелей жанасуды болдырмауға үйретілген.
Жұмыспен айналып өті барысында Бақытжан Сағынтаев №36 қалалық емханада болып, вакцинациялау барысын тексеріп, екпе алуға келген қала тұрғындарымен әңгімелесті. Емхана басшылығы екпе алғысы келетіндердің саны артқанын хабарлады. Халықты вакцинациялау алгоритмі адамдардың жиналуын болдырмау үшін алдын ала жазуды қарастырады.
Медициналық мекемелерді аралап жүріп, қала әкімі коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды емханаға жатқызу және емдеу жағдайымен де танысты. Жалпы, қала ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен тұрғындарды COVID-19 қарсы жаппай вакцинациялау үшін дозалар партиясын қабылдауға дайын. Бұдан бұрын Бақытжан Сағынтаев №5 Қалалық клиникалық аурухана мен №5, 15, 17, 29 емханалардағы екпе кабинеттерінің жұмысының ұйымдастырылуымен танысты.
Бұған дейін Алматыға үш ай бойы 250 мың доза вакцина бөлінетіні хабарланған болатын. Сәуір айында 250 егу пункті орналастырылады. Сондай-ақ алматылықтардың қай сауда орталықтарында екпе алатыны белгілі болды.