БАҚ

ШҚО-да бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы кезекті келісімге қол қойылды

2020 жылдың 23 қыркүйегі
«Деловой Казахстан» газеті
Бүгін «Antikor Ortalygy» алаңында «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында «МЕДСЕРВИС ПЛЮС ҚФК» ЖШС Өскемен филиалымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тағы бір келісімге қол қойылды.

«МЕДСЕРВИС ПЛЮС ҚФК» ЖШС Қазақстандағы дәріханалар мен ЕПМ-не дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықты сатумен айналысатын ең ірі қазақстандық фармацевтикалық дистрибьюторлардың бірі болып табылады

Компанияның мақсаттарының бірі –ДЗ кең ассортиментімен кепілді қамтамасыз ету, логистикалық тізбектің барлық деңгейлерінде дәрі-дәрмекті сақтау мен жеткізудің жоғары сапасын сақтау.

Компанияның жеткізушілері арасында жетекші дәрі-дәрмек өндірушілерімен 350 астам тікелей келісімшарттар: «НИЖФАРМ», «GlaxoSmithKline», «NOVARTIS», «KRKA», «SANDOZ» және т.б.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге нысанның жалпы ауданы 6045 ш.м «Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын және ЕПМ-ін қауіпсіз, сапалы дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен үздіксіз қамтамасыз ету үшін А класты заманауи, технологиялық дәріхана қоймасы терминалын салу» жобасы бойынша қол қойылды.

Келісімге қол қою кезінде ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Ж.Байділдин инвесторға қойылатын жалғыз талап – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қатаң сақтау екенін атап өтті.

Департамент өз тарапынан құқықтық кеңес беру, мемлекеттік қызметтер ұсыну сапасын қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру арқылы сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.