БАҚ

Қостанай облысына 50 млн теңгеге дәрі-дәрмек келіп түсті

2020 жылдың 8 тамызы
«Деловой Казахстан» газеті
50 млн теңгеге қызуды басатын және вирусқа қарсы дәрілер алынды, олар осы дүйсенбіде дәріханалар сауда желілеріне түседі, деп хабарлайды zakon.kz.

Тауарды түсіру жұмыс аптасының соңында жүргізілді.

Бұл жолы «Медсервис плюс» Қазақ фармацевтикалық компаниясы» ЖШС ҚФ қоймасына 12 тоннаға жуық дәрі-дәрмек түсті, бұл – қызуды басатын, вирусқа қарсы, антибиотиктер мен антисептиктерді қоса алғанда, бес мыңға жуық дәрілік заттар атауы, – деді компанияның директоры Исатай Есенбеков. - Жеткізу іркілісі жоқ, тауарлар тұрақты келіп жатыр. Бүгін жаңа партиямен жүк көлігі келді, біз оны түсірейін деп жатырмыз.

«Медсервис плюс» Қазақ фармацевтикалық компаниясы» ЖШС ҚФ бүкіл аймақ бойынша жұмыс істейді. Жаңа аптаның басынан облыс бойынша дәріханалар өз ассортиментіне дәрі-дәрмектерді ала бастайды.