Үкімет дәрілік заттарды таңбалау және қозғалысын бақылау жүйесінің аралық нәтижелерін қарады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңеске Денсаулық сақтау министрлігі, «СК-Фармация» ЖШС және «Қазақтелеком» компанияларының өкілдері қатысты.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, жүйе енгізілгеннен бері медициналық мекемелер 16,5 миллионнан астам дәрі-дәрмекті, ал дәріханалар – 21,5 миллионнан астам дәрі-дәрмек сатып алған.
Айта кетейік, дәрілік заттарды таңбалау және бақылау жүйесі елімізде өндірілген немесе әкелінген әрбір дәрі-дәрмектің айналымын айналымнан толық алып тастағанға дейін онлайн режимінде қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.
«Басты мақсат – азаматтарды қауіпсіз әрі сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Айқын бақылау контрафактілік дәрілердің айналымға түсуіне жол бермейді және Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті әкімдіктерге медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейін бақылауға жағдай жасайды. Бұл дәрі-дәрмектің мақсатты қолданылуын қадағалауға мүмкіндік беретінін де атап өткім келеді. Сондықтан бұл механизмді барынша пайдаланып, тиісті шараларды қолдану қажет», - деп тапсырды Тамара Дүйсенова.
Источник: Казахстанский Фармацевтический Вестник, pharmnews.kz