БАҚ

Алматының Тұрақтандыру қорына 45 миллион қаптама дәрі түсті

2020 жылдың 29 желтоқсаны, 13:25
«Тотал Қазақстан» АА
Алматы әкімі фармацевтикалық компаниялардың қоймаларын тексерді.

Жұмыспен айналып өту барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистің дәріханаларын Тұрақтандыру қорын қалыптастыруға қатысатын фармацевтикалық компаниялардың қоймаларын аралап шықты, деп хабарлайды Total.kz.

«Жұмыспен айналып өту барысында мен қаланың дәріханалар желісіндегі сату үшін Тұрақтандыру қорына сатып алынатын медициналық препараттары бар қоймалардағы жағдаймен таныстым. «Медсервис плюс» компаниясы биыл 6 миллион қаптама парацетамол мен аспирин жеткізді. Азайтылмайтын қалдық – 1,2 миллион қаптама», - деп жазды Алматы әкімі.

Оның мәліметінше, қабылданған міндеттемелер аясында Biola фармацевтикалық компаниясы Алматыға 27 млн бірлік медициналық бұйымдар – шприцтер, инфузиялық жүйелер, электронды және сынапты термометрлер әкелген. Азайтылмайтын қалдық – 5,4 миллион бірлік медициналық мақсаттағы бұйымдар.

«Инкар» компаниясының қоймаларында 62 түрлі 7,7 миллион дәрілер бар, оның ішінде антибиотиктердің («Азитромицин», «Сумамед» және т.б.), қызуды басатындардың («Ибупрофен», «Ибуфен» және т.б.), антикоагулянттардың («Кардиомагнил», «Фраксипарин» және т.б.), вирусқа қарсы препараттардың («Фавипиравир», «Анаферон», «Ингавирин» және т.б.) азайтылмайтын қорының 1,4 миллион қаптамасы.

«Жалпы, шілде айынан бері Тұрақтандыру қорына 64 түрлі 45 миллион дәрілер және төрт түрлі медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді, бұл жоспарланған көлемнен 12% артық. Жалпы азайтылмайтын қор 8 миллион бірлікті құрайды. Медициналық препараттар қала бойынша дәріханаларға жеткізіледі. Бұл сырқаттанушылықтың жоғарылаған шарықтау кезеңінде дәрі-дәрмек тапшылығының алдын алады», - деді Алматы әкімі.