Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізілді
Құжатқа «Мемлекеттік қолдау шаралары» деген жаңа бөлім қосылды.
Ол мыналарды қамтиды:
➣ жалпы білім беретін мектептердегі студенттер мен оқушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген бағамен тамақтандыруды қамтамасыз ету; ( 175-тармақ алынып тасталды )
➣ азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен, мамандандырылған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету; ( аттас 286-тармақ алынып тасталды )
➣ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін алушыларды дербестендірілген қаржыландыруды қамтамасыз ету.