БАҚ

Әдел Мұхатаева, "Алматы" телеарнасы Алматы облысында дәрі-дәрмекке 500 млн теңге бөлінді

16.07.2020
«Kazakhstan Today» АА
Талдықорған. 16 шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысында облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша дәрі-дәрмек сатып алуға жергілікті бюджеттен қосымша 500 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Тағы 50 млн теңгеге вирусқа қарсы препараттарды сатып алу жоспарлануда, ол тәуекел тобындағы адамдарға тегін беріледі, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, тәуекел тобына аға буын өкілдері, созылмалы ауруға шалдыққандар және басқа санаттағы азаматтар кіреді.

«Медсервис плюс» ҚФК» ЖШС Талдықорған филиалының директоры Қадырбек Күдерин қазір тұрғындар арасында вирусқа қарсы препараттар, антикоагулянттар, яғни қанды сұйылтатын дәрілер, сондай-ақ антибиотиктер үлкен сұранысқа ие екенін атап өтті.

«Аптасына бір рет тауар аламыз да, оны дәріханалардың өтінімдері бойынша компания көлігімен сауда орындарына сол арада жеткіземіз», - деді ол.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, гуманитарлық көмек қоймасында жеке қорғаныс құралдары бар: бетперделер, респираторлар, медициналық қолғаптар, Қытайдан, Катардан және басқа елдерден келген қорғаныс костюмдері. Бұл жеке қорғаныс құралдары қажетіне қарай облыстағы медициналық мекемелерге таратылады.

СК-«Фармация» емханалар мен ауруханалар үшін дәрілік заттардың бірыңғай жеткізушісі болып табылады. Түсіргеннен кейін барлық дәрі-дәрмек аудандық, қалалық емханалар мен ауруханаларға жедел түрде таратылады», - деді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов СК-«Фармация» қоймасын тексергеннен кейін.