Биологиялық белсенді компоненттерінің қасиеттері
Пробакто ЛОР пробиотикалық биологиялық қоспасының құрамына қышқылға тұрақты L. acidophilus, L. casei, L. rhamnosus және L. plantarum тірі лактобактерияларының 4 штаммы кіреді. Жоғарғы тыныс алу жолдарының және ауыз қуысының микрофлорасын реттей отырып,
L. acidophilus, L. casei, L. rhamnosus және L. plantarum лактобактериялары ЛОР-ағзаларының және ауыз қуысының саулығын қолдайды.
Пробакто ЛОР құрамындағы лактобактериялар респираторлық инфекциялардың негізгі қоздырғыштарымен мекендейтін орта үшін бәсекеге түседі, адамның иммундық жүйесі қызметінің белсенділігін қолдауға көмектеседі, дәрумендердің биосинтезінде қатысады, инфекциялармен аурушаңдықты азайтуға және суық тиюдің ұзақтығы мен симптомдарының айқындылығын азайтуға ықпал етеді.
L. plantarum лактобактериялар тісжегіні туындататын бактерияларды ығыстырады және тіс пен қызыл иек ауруларының профилактикасына ықпал етеді.
Арнайы өндіріс технологиясына сай (лиофильдік құрғату) L. acidophilus, L. casei, L. rhamnosus және L. plantarum тірі бактерияларының тиімділігі Пробакто ЛОР құрамында барлық сақтау мерзімі бойы сақталады.