Дозалау режимі
Тапшылықты, жетіспеушілікті түзетуге және демеуші емге арналған доза D дәруменінің жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесіне және емдеуге жауап беруге байланысты жеке таңдалады.
D дәрумені тапшылығын емдеу: тәулігіне 5000 – 10000 ХБ есебінен жүргізіледі, бұл 8 апта бойы тәулігіне 1 рет 1-2 таблеткадан Д-Вит Ламира 5000 ХБ қабылдауға сәйкес келеді.
Демеуші ем: күніне 1 200 – 2 000 ХБ есебінен жүргізіледі, бұл 3 күнде 1 рет Д-Вит Ламира 5000 ХБ 1 таблеткасына сәйкес келеді. Демеуші ем мақсаттық деңгейге қол жеткізуді сақтау үшін кейінгі 3-4 ай ішінде қандағы 25-(OH) D концентрациясын бақылай отырып жүргізіледі.
Препарат тамақтануға байланыссыз қабылданады. Таблетканы тұтастай жұтып (шайнамай), артынан су ішкен жөн.
12-18 жастағы жасөспірімдерде D дәруменінің жетіспеушілігі немесе тапшылығы: күніне 800 ХБ есебінен жүргізіледі, бұл 1 рет 1 таблеткадан Д-Вит Ламира 5000 ХБ қабылдауға сәйкес келеді. Емдеу тек дәрігердің бақылауымен және қан сарысуындағы 25- (OH) D деңгейінің бақылауымен жүзеге асырылады
Енгізу әдісі және жолы
Пероральді. Препарат тамақ қабылдауына қарамастан қабылданады. Таблетканы толығымен жұтқан жөн (шайнамай) және сумен бірге ішу керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
D дәруменін шамадан тыс қабылдау гиперкальциемияның дамуына және онымен байланысты әсерлерге, соның ішінде гиперкальциурияға, эктопиялық кальцификацияға, бүйректің және жүрек-тамырларының зақымдануына әкеледі.
Симптомдар: анорексияны, әлсіздік, жүректің айнуын және құсуды, диареяны, полиурияны, тершеңдікті, бас ауыруды, шөлдеуді және бас айналуды, сүйектердің ауыруын, аритмияны, кей жағдайларда тіпті өлімге соқтыруы (ауыр гиперкальцемияда), бүйректің қайтымсыз зақымдалуын (персистентті гиперкальцемияда) туындатуы мүмкін. D дәруменінің жеке жақпаушылығы айтарлықтай өзгеріп отырады, әдетте, жаңа туған нәрестелер мен балалар оның уытты әсеріне сезімтал келеді.
Пациенттерді байқап-бақылау
Пациенттерді бақылауда келесі көрсеткіштер пайдалы болуы мүмкін (қажеттілік туындаған жағдайда науқастың жай-күйіне байланысты басқа сынамалардың көрсеткіштері талап етілуі мүмкін):
• қандағы кальций концентрациясының немесе плазмадағы иондалған кальций деңгейі. Тар терапиялық диапазонның әсерінен емдеудің ерте сатысында бұл көрсеткіштерді кем дегенде аптасына 1 рет, одан соң - емдеу кезінде кезеңімен анықтау ұсынылады. Мүмкіндігінше, қандағы бос және байланысқан кальцийдің концентрациясын анықтаған жөн.
• қан плазмасындағы алкалинді (сілтілі) фосфатаза деңгейі, қандағы фосфаттар концентрациясы, 24 сағаттық несептегі кальций концентрациясы, несептегі кальций мен креатининнің қатынасы. Бұл көрсеткіштерді терапия кезінде әр 1-3 айда анықтау ұсынылады.
• қан плазмасындағы мочевина азоты мен плазмадағы мочевина. Емдеу дозасын қабылдау барысындағы пациенттерде кезеңмен анықтау ұсынылады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Егер Сіз Д-Вит Ламира дәрілік затын қабылдауды ұмытып кеткен болсаңыз, өткізіп қойған мөлшерін өтеу мақсатында екі еселенген дозада қабылдауға болмайды!
Тоқтату симптомдарының пайда болу қаупін көрсету
Емдеуші дәрігердің алдын ала кеңесінсіз дәрі қабылдауды тоқтатпаңыз!
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
D дәруменімен емді бастамас бұрын қандағы Д дәруменінің деңгейін бағалау керек, және де кальций мен фосфат деңгейін анықтап алған жөн.
Д дәруменінің дозасын таңдаған кезде оны басқа көздерден (тағамдық өнімдерден, ББҚ және күн сәулесінің әсерінен) қолдану мөлшерін ескеру қажет.
Д дәруменіне жеке сезімталдықтың өзгеруіне байланысты оның дозасын клиникалық тиімділігіне байланысты түзетуге болады. Егер Сізде күмән немесе сұрақтар туындаса, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз.