Биологиялық белсенді компоненттерінің қасиеттері
Темір-адамның денсаулығы мен әдемілігін сақтау үшін өмірге қажетті эле-мент. Гемоглобин синтезіне, қан түзілуіне және жасушалық тыныс алуға, қалқанша безінің гормондарының түзілуіне қатысады, бұл иммундық жүй-енің, зат алмасуының, жалпы хал-жайының және сыртқы келбеттің жай-күйі үшін маңызды. Multizan® Феррум құрамындағы темір бисглицинаты-ның хелатты түрі - хелат кешенінің құрамында тиімділігі жоғары және жеңіл сіңірілетін темір. Хелатты түр болғандықтан минерал ішек қабырғасына жеңіл еніп, жасушаның минералды және иондық теңгерімін бұзбай сіңеді. Хелат кешені түріндегі темір жоғары биожетімділігімен, ерекше жағымдылығымен және қауіпсіздігімен сипатталады. Жағымдылығы бар: асқазанның шырышты қабығын тітіркендірмейді және іш қату мен жүрек айнуын тудырмайды, тіс эмалын боямайды, темір татымайды. Басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуі жоқ. Multizan® Феррум құрамына зиянды немесе аллергенді қоспаларды пайдаланбайды, осыған байланысты оны балалық жаста қолдануға болады.
Темір препараттарын қабылдау организмдегі темірдің қажетті деңгейін сақтайды, өсуі мен дамуына ықпал етеді, иммундық жүйенің және қан түзу жүйесінің функциясын қолдайды, ой еңбегі және дене жүктемесі кезінде төзімділікті арттырады, терінің, шаштың және тырнақтың сау қалпын сақтайды.
Хелат минералдарының ерекше гаммасы:
- Барынша сіңіріледі және жеңіл қорытылады.
- Қауіпсіз, болжамды және тиімді.
- Қышқыл ортада тұрақты.
- Гипоаллергенді, жарамды, халал және вегетариандық.
- Глютенсіз және ГМО жоқ.
- Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі мақұлдаған.
Тағамдық және энергетикалық құндылығы
1 таблетканың құрамында: 0,32 ккал, ақуыз 0 г; көмірсулар 0,08 г; майлар 0 г.