Multizan® Феррум L – 30 мг темір бисглицинаты мен 400 мкг L- метилфолатының комбинациясы.
Темір – адам организмінде, атап айтқанда, эритроциттер гемоглобинінде болатын, өмірлік қажеттілігі бар элемент. Гемоглобин синтезінде, қан өндірімінде және жасушалық тыныс алуда, қалқанша без гормондарының қалыптасуында қатысады, бұл қан ағымы және иммундық жүйенің, заттек алмасуының, адамның жалпы өзін сезінуі мен сыртқы сымбатының жағдайы үшін маңызды.
Multizan® Феррум L құрамындағы темірдің бисглицинат кешені қос валенттік темірден, хелаттанған амин қышқылдарынан (глицин) тұрады, бұлар оған организмде жақсы сіңетін қасиет береді және темірдің асқазан-ішек жолдары жағынан көтерімділігін жақсартады. Темірді қорғайтын глициннің екі формуласы гемоглобиннің ізашарлары болады. Хелатты темір асқазанда ыдырамайды, осыған сай аш ішекте шығындалмастан сіңеді және асқазанның сілемей қабатына қолайсыз әсер етпейді. Темірдің бисглицинаты басқа минералдар мен қоректік заттектердің сіңуін бұзбайды, себебі, молекуласы ионды бейтарап.
Multizan® Феррум L құрамындағы темірдің бисглицинаты:
• Вегетариандық емдәм (етсіз диета) ұстанатын адамдар үшін қолайлы.
• Шикізаты таза, сертификатталған өнім.
• Құрамында глютен және ГМО жоқ.
• Темірдің бисглицинатының қауіпсіздігі EFSA (тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша Еуропалық агенттік) және FDA (Тағам өнімдері мен дәрі-дәрмектің санитарлық қадағалау басқармасы, АҚШ) мойындалған.
Темір препараттарын қабылдау гемоглобин деңгейін реттеуге және организмде темірдің қорын (ферритин) толықтыруға көмектеседі. Темір тапшылығы келесі кезеңдерде жиі анықталады: қарқынды өсу, жүктілік, емшек емізу, етеккірдің көп келуі, қоректік заттектердің сіңуінің бұзылуымен асқазан-ішек жолдарының ауруларында немесе созылмалы қан кетуінде, вегетариандық емдәм ұстанатын және ұдайы қан тапсыратын адамдарда. Жалпы шаршау, бас айналуы, инфекцияларға бейімділік, шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы және терінің солғындығымен көрініс беруі мүмкін.
Құрсақ ішіндегі нәрестеге жасушалық тыныс алу, өсу және қалыпты даму процестерін қамтамасыз ету, сондай-ақ, ұрықтың гипоксиясы (оттегі жетіспеуі) дамуының себебі болатын анасындағы темір тапшылығының алдын алу үшін жүкті әйелдерге темір қажет.
L-метилфолат – жоғары биосіңімділігімен фолий қышқылының биологиялық белсенді түрі, адам организмінде айналымда болатын В9 дәруменінің табиғи түрі, кофермент, жасушалардың өсу және бөліну факторы, қан түзілуі қалыпты деңгейін қолдау үшін қажет. L-метилфолат адамның генетикалық ерекшелектеріне тәуелсіз түрде әдеттегі фолий қышқылына қарағанда жақсы сіңеді. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерге анемияның, босанудан кейінгі сепсистің, сәбидің аз салмақты туылуының және мерзімінен бұрын босанудың алдын алу үшін құрамында қарапайым темірдің 30-60 мг және фолий қышқылының 400 мкг мөлшері болатын, темірмен және фолий қышқылымен ішуге арналған қоспаларды күнделікті қолдануға ұсынады.