Темір – адам организмінде, атап айтқанда, эритроциттер гемоглобинінде болатын, өмірлік қажеттілігі бар элемент. Гемоглобин синтезіне, қан түзілуіне және жасуша тыныс алуына, қалқанша без гормондарының түзілуіне қатысады, бұл қан тасымалы және иммундық жүйенің, зат алмасуының, жалпы хал-ақуал мен сыртқы түр-сипаты үшін маңызды.
Multizan®Феррум 30 құрамындағы темірдің бисглицинат кешені екі валентті темірден, хелаттанған амин қышқылдарынан (глицин) тұрады, бұлар оған организмде жақсы сіңетін қасиет береді және темірдің асқазан-ішек жолдары жағына жағымдылығын жақсартады. Темірді қорғайтын глициннің екі молекуласы гемоглобиннің ізашарлары болады. Хелатты темір асқазанда ыдырамайды, осыған сай аш ішекте шығынсыз сіңеді және асқазанның шырышты қабығына жайсыз әсер етпейді. Темірдің бисглицинаты басқа минералдар мен қоректік заттардың сіңуін бұзбайды, себебі, молекуласы ион тұрғысынан бейтарап.
Multizan®Феррум 30 құрамындағы темірдің бисглицинаты:
• Вегетариан адамдар үшін қолайлы.
• Шикізаты таза, сертификатталған өнім.
• Құрамында глютен және ГМО жоқ.
• Темірдің бисглицинатының қауіпсіздігі EFSA (Еуропалық тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша агенттік) және FDA (Тағам өнімдері мен дәрі-дәрмектің санитарлық қадағалау басқармасы, АҚШ) мойындалған.
Темір препараттарын қабылдау гемоглобин деңгейін қалыпқа келтіруге және организмде темірдің қорын (ферритин) толықтыруға көмектеседі. Темір тапшылығы келесі кезеңдерде жиі анықталады: қарқынды өсу, жүктілік, емшек емізу, етеккірдің көп келуі, қоректік заттардың сіңуінің бұзылуы бар немесе созылмалы қан кетудегі асқазан-ішек жолдарының ауруларында, вегетариандарда және қан донорларында. Жалпы шаршау, бас айналуы, инфекцияларға сезімталдық, шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы және терінің бозаруымен көрініс беруі мүмкін.
Жүкті әйелдерге құрсақ ішіндегі нәрестеге жасушалық тыныс алу, өсу және қалыпты даму процестерін қамтамасыз ету, сондай-ақ, шарананың гипоксиясы дамуының себепкер анасындағы темір тапшылығының профилактикасы үшін темір қажет.