Биологиялық белсенді құрамбөліктердің қасиеттері:
Глюкозамин сульфаты – шеміршек тіні үшін құрылым материалы. Өз коллаген өндірісін ынталандырады. Глюкозаминнің эндогендік тапшылығының орнын толтырады, синовиальді сұйықтықта протеогликандар мен гиалурон қышқылының синтезін стимуляциялайды; буын капсуласының өткізгіштігін арттырады, синовиальді жарғақша мен буын шеміршегінің жасушаларында ферментативті үдерістерді қалпына келтіреді. Хондроитин күкірт қышқылының синтезі үдерісінде күкіртті бекітуге ықпал етеді, сүйек тінінде кальцийдің қалыпты тұндырылуын жеңілдетеді, буындардағы дегенеративті процестер мен ауырсынуды азайтуға көмектеседі, олардың функциясын жақсартады.
Метилсульфонилметан (МСМ) организмде күкірт теңгерімін толтырады. Күкірт организмнің көптеген тіндерінде ақуыздардың, соның ішінде хондроитин мен глюкозамин – қимылдың еркіндігі мен ауырсынбауын қамтамасыз ететін шеміршек тінінің құрамбөліктерінің түзілуіне қатысады.
Қабынуға қарсы цитокиндер өндірілуінің төмендеуіне байланысты ауырсыну қарқындылығын, буындардың сіресуі мен ісінуін азайтады, шеміршекті қалпына келтіруге көмектеседі.
Күкіртті дәнекер тініне жеткізу арқылы МСМ бұлшықет ауырсынуын азайтады.
Күкірт теңгерімі организмде эластин, кератин және коллагеннің табиғи түзілуін қалыпқа келтіреді, бұл тырнақтар мен шашты нығайтуға ықпал етеді. Күкірт " сұлулық минералы " деп аталады, өйткені ол шашты жылтыр және тегіс етеді, сонымен қатар беттің түсін жақсартады.
МСМ қолданған кезде безеудің, оның ішінде розацеа ның көріністері азаяды.
Радиация мен қоршаған ортаның ластануының зиянды әсерінен қорғау қабілетіне байланысты күкірт қартаю процесін баяулатады және организмнің жалпы жасаруына ықпал етеді.
Коллаген – организмнің дәнекер тінінің негізінде жатқан ақуыз құрылымы. Сүйектердің, шеміршектердің, сіңірлердің, терінің, тырнақтардың құрамына кіреді және олардың беріктігі мен икемділігін қамтамасыз етеді.
Кальций L-аскорбаты - кальций көзі. Кальций - сүйек пен тістің негізгі құрылымдық құрамбөліктері. Кальций сүйек тінінің қалыптасуына қатысады, сүйек тінінің минералды тығыздығын сақтауға ықпал етеді, тістерді минералдандыруға қатысады. Ересектер мен балаларда кальций жетіспеген кезде остеопороз дамиды, сүйек тінінің тығыздығы төмендейді және сыну қаупі артады.
Кальций тырнақ, шаш саулығын сақтау үшін қажет, олардың жағдайына, беріктігіне және сыртқы көрінісіне әсер етеді, себебі олардың құрылымы элементтерінің бірі болып табылады.
Кальций карбонаты – қарапайым кальцийдің ең көп құрамы бар тұз (40%). Кальций-сүйек пен тістің негізгі құрылымдық компонент. Кальций жетіспеген кезде ересектер мен балаларда остеопороз дамиды, сүйек тінінің тығыздығы төмендейді және сыну қаупі артады. Кальций тырнақ пен шаштың құрылымдық элементі болып табылады, олардың жай-күйіне, беріктігіне және сыртқы түріне әсер етеді. Жалпы қан плазмасындағы кальцийдің жартысына жуығы байланыспаған ("иондалған кальций") түрде айналымда болады, плазмадағы қалған кальций альбуминмен және басқа сарысу ақуыздарымен байланысады. Қалыпты жағдайда, жалпы кальций деңгейі 2,2–2,6 ммоль/л, байланыссыз (иондалған) кальций – 1,1–1,4 ммоль/л. Кальцийдің биологиялық әсері байланыспаған кальций мөлшерімен анықталады. Кальцийдің жетіспеушілігі қалқанша маңы безі функциясының бұзылуымен, тамақтанудағы D дәрумені жетіспеушілігімен, ультракүлгін жеткіліксіздігімен немесе бүйрек функциясының бұзылуымен байланысты болуы мүмкін. Организмдегі D дәруменінің төмен деңгейі кальций сіңірілмеуіне және салдарлы гиперпаратиреозға (гипокальциемия және паратгормон деңгейінің жоғарылауы) әкелуі мүмкін.
Холекальциферол (D3 дәрумені) фосфор-кальций алмасуын реттейді, сүйек тінінің қалыптасуына қатысады, оны минералдау үдерісін жүзеге асырады. Кальцийді сіңіру үдерісіне қатысады. D дәруменінің қалыпты деңгейі бұлшықеттердің, сүйектердің нығаюына, қартаюдың баяулауына, тері мен шаштың жаңаруына, иммунитеттің нығаюына ықпал етеді.
Кальций мен D3 дәруменін қолдану сүйек резорбциясының артуының (сүйектен кальцийдің шайылуын) стимуляторы болып табылатын паратиреоидты гормонның өнуі ұлғаюына жол бермейді.