Дозалау режимі Ұсынылған дозаны арттырған кезде жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі ұлғаюы мүмкін. Емді, кемінде, симптомдар мен температура қайтқаннан кейін 24-48 сағат жалғастыру керек.
Стрептококкты инфекцияларды емдеу ревматизмнің немесе гломерулонефриттің дамуына жол бермеу үшін 10 күн бойы жүргізу керек.
Ересек пациенттер және 12-18 жас аралығындағы балаларЕресектер және 12 -18 жас аралығындағы балалардағы жедел инфекцияларды емдеуге арналған доксициклиннің стандартты дозасы бірінші күні 200 мг құрайды (1-2 дозада), содан кейін демеуші дозасы тәулігіне 100 мг құрайды. Ауыр инфекциялар жағдайында доксициклинмен емдеу курсы бойы тәулігіне 200 мг дозада тағайындалады.
8 жастан 12 жасқа дейінгі балалар. Доксициклинді 8-12 жас аралығындағы балаларда жедел инфекцияларды емдеу үшін қолдану басқа препараттар болмаса, тиімділігі екіталай болған немесе қарсы көрсетілген жағдайларда мұқият негізделген болуы тиіс.
8 жасар немесе одан үлкен және дене салмағы 45 кг аз балалардағы ұсынылған дозалау режимі емнің бірінші күні дене салмағының 4 мг/кг (бір қабылдауға бір рет қолданады), сосын келесі күндері дене салмағының 2 мг/кг (бір қабылдауға) құрайды. Тәулігіне дене салмағының 4 мг/кг дейінгі дозаларды бүкіл емдеу курсы барысында ауыр инфекцияларда қолдануға болады.
100 мг төмен (дене салмағы 45 кг төмен балалардағы демеуші доза) доза Юнидокс Солютаб
® препаратын қолдану кезінде алынуы мүмкін емес. Осы мақсатта құрамында доксициклин бар басқа дәрілік препараттар қолданылады. Дене салмағы 45 кг жоғары балалар препаратты ересектерге арналған дозада қабылдауы тиіс.
Кейбір ауруларды емдеуге арналған ұсынылған дозалар:Безеу ауруы (acne vulgaris) - 6-12 апта ас немесе сұйықтық қабылдау уақытында тәулігіне 50 мг.
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар:
- асқынбаған гонококктық инфекциялар (еркектердегі аноректальді инфекцияларды қоспағанда); асқынбаған уретральді,
Chlamydia trachomatis туындатқан эндоцервикальді немесе ректальді инфекция;
Ureaplasma urealyticum туындатқан гонококктық емес уретрит. Доксициклиннің ұсынылған дозасы 7 күн бойы 2 рет 100 мг.
-
Chlamydia trachomatis немесе
Neisseria gonorrhoea туындатқан жедел эпидидимоорхит - 10 күн бойы тәулігіне екі рет 100 мг.
- бастапқы және салдарлы мерез: пенициллиндерге аллергиясы бар жүкті емес пациенттерді емдеу үшін ықтимал сызбалар - пенициллиндермен емдеу баламасы түрінде екі апта бойы күніне екі рет 200 мг.
Бастапқы және қайталама мерез- тәулігіне 200 мг кем дегенде 14 күн.
Венериялық лимфогранулема (Lymphogranuloma venereum (LGV))- 21 күн бойы 200 мг.
Borrelia (боррелиоздар) түрінің микроорганизмдері туындатқан аурулар- 10-21 күн бойы тәулігіне 200 мг (аурудың ерте сатысы) және анағұрлым кеш көріністелу жағдайында 1 айға дейін.
Эндемиялық (қоздырғышты тасымалдаушы — кене) және эпидемиялық (қоздырғышты тасымалдаушы — бит) қайталама іш сүзегі - ауырлық дәрежесіне байланысты 100 немесе 200 мг бір реттік доза.
Хлорохинге төзімді тропикалық безгекті емдеу - ересектер: кем дегенде 7 күн бойы тәулігіне 200 мг.
-8 жастан асқан балалар: тәулігіне екі рет 2,2 мг/кг кем дегенде 7 күн (тәулігіне 200 мг дозаға дейін).
Аурудың ықтимал ауырлығына байланысты доксициклинмен бірге шизонтоцидті безгекке қарсы препаратты, мысалы, хининді қабылдау керек.
Безгек профилактикасы - Ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін тәулігіне 100 мг. Профилактиканы безгек бар аумақтарына жібергенге дейін 1-2 күн бұрын бастауға болады. Препаратты безгек бар аудандарда болудың барлық мерзімінде күнделікті және кеткеннен кейін 4 апта бойы қабылдау керек.
Сібір ойық жарасы:-жанасудан кейінгі профилактика: 60 күн бойы тәулігіне екі рет 100 мг
-сібір ойықжарасының терілік түрі: 60 күн бойы тәулігіне екі рет 100 мг
-сібір ойықжарасының өкпелік/асқазан-ішек түрі: басында тәулігіне екі рет 100 мг біріктірілген ем құрамында, емнің жалпы ұзақтығы 60 күн.
Цуцугамуши қызбасының профилактикасы - 200 мг бір рет.
Ересектердегі саяхатшылар диареясының профилактикасы - саяхаттың алғашқы күні 200 мг (бір рет немесе әрбір 12 сағат сайын 100 мг), сосын тиісті аймақта болудың барлық мерзімі ішінде күн сайын 100 мг. Препаратты профилактикалық мақсатта 21 күннен артық қолдану бойынша деректер жоқ.
Лептоспироз профилактикасы - тиісті аймақта болудың барлық мерзімі ішінде аптасына бір рет 200 мг және саяхат аяқталғаннан кейін 200 мг. Препаратты профилактикалық мақсатта 21 күннен артық қолдану бойынша деректер жоқ.
Таулы жердегі дақты қызба- Ересектер: әр 12 сағат сайын 100 мг.
- Дене салмағы 45 кг аз балалар: дене салмағына 2,2 мг/кг, күніне екі рет.
- Салмағы 45 кг немесе одан жоғары балалар ересектерге арналған дозаны қабылдауы керек. Дене температурасы төмендегеннен кейін және клиникалық жақсарудың дәлелі болмағаннан кейін пациенттерді кем дегенде 3 күн емдеу керек. Емдеудің ең төменгі курсы - 5-7 күн.
Доксициклинді егде жастағы пациенттерге стандартты дозада ешқандай арнайы сақтық шараларынсыз тағайындауға болады.