Жағымсыз әсерлері басталу жиілігіне сай, ең көп жиі білінуінен бастап топтастырылған: өте жиі, жиі, жиі емес, сирек, өте сирек, жиілігі белгісіз (жиілігі қолда бар деректердің негізінде ұсынылуы мүмкін емес).
Жиі:
-бас ауыру
Сирек:
-бас айналу, ұйқышылдық
-жүректің айнуы, метеоризм. Іш қату, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, құсу, сілекей бездерінің қабынуы.
-папулезді бөртпе, қышыну
Өте сирек:
-гематологиялық бұзылулар (агранулоцитоз, тромбоцитопения, апластикалық анемия).
-шеткері невропатия.
-өкпенің жедел және созылмалы реакциялары. Өкпенің жедел реакциялары тез дамиды. Ол күшті ентігу, қызба, кеуденің ауыруы, қақырықпен немесе онсыз жөтел, эозинофилиялар түрінде көрініс береді. Тері бөртпесі, қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну және миалгия өкпенің жедел реакцияларымен бір мезгілде тіркелді. Өкпенің жедел реакциялары аса жоғары сезімталдық реакцияларына негізделген, олар бірнеше сағаттың ішінде, сирек – бірнеше минуттың ішінде туындауы мүмкін. Өкпенің жедел реакциясы қайтымды және препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтады.
Өкпенің созылмалы реакциялары нитрофурандарды қабылдауды ұзаққа тоқтатқаннан кейін туындауы мүмкін. Ол ентігудің бртіндеп нашарлауымен, тыныстың жиілеуімен, тұрақсыз қызбамен, эозинофилиямен, үдемелі жөтелмен және интерстициальді пневмонитпен және/немесе өкпе фиброзымен сипатталады.
-панкреатит. Жағымсыз әсерлер дәріні тамақпен бірге қабылдағанда азаюы мүмкін.
-ангионевроздық ісіну, есекжем, эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема, өткінші алопеция.
-артралгия
-бассүйекішілік жеңіл гипертензия
-қызба, қалтырау, дімкәстік
-гепатит, холестаздық сарғаю.
Жағымсыз әсерлерді азайту үшін көп сұйықтықты, В тобының дәрумендерін және антигистаминдік препараттарды пайдалану ұсынылады. Күрделі жағымсыз әсерлер жағдайында дозаны азайтыңыз немесе дәрі қабылдауды тоқтатыңыз. Урофурагин® қоңыр-сары немесе қоңыр түсті несеп дағы.