Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ерітіндіні дайындау:
1. Тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізу үшін құтының ішіндегі Лонгидаза® 3000 ХБ препаратын 1,0-2,0 мл прокаин (новокаин) 0,5% ерітіндісінде ерітеді. Прокаинге (новокаин) төзімсіздік бар болған жағдайда, Лонгидаза® препаратын сол көлемде инъекцияға арналған 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде немесе инъекцияға арналған суда ерітеді.
2. Ониходистрофияны емдеу үшін фотофорез көмегімен қолданған кезде құтының ішіндегі Лонгидаза® 3000 ХБ препаратын 0,5 мл дистилденген суда ерітеді, 3-4 минут ерітеді, саусақтардың дистальды фалангтарына 1 тамшыдан (шамамен 300 ХБ Лонгидаза® препараты) жағады.
3. Безеулерді емдеу кезінде фотофорез немесе ультрафонофорез жүргізу үшін 1 құты Лонгидаза® 3000 ХБ препараты 2-5 мл ультрадыбыстық гельде («Медиагель-Т») сұйылтылып, зақымданған жерге жағылады.
4. Контрактураларды емдеуде препаратты ультрадыбысты қолдану арқылы енгізу үшін құтының ішіндегі 3000 ХБ Лонгидаза 1,0 мл физиологиялық ерітіндіде ерітеді, 5-7 г вазелинмен араластырылып, тыртық аймағына жағылады.
5. Биожетімділігін арттыру мақсатында қолданған кезде құтының ішіндегі Лонгидаза® 3000 ХБ препаратын 2,0 мл, ал 1500 ХБ дозасын 1,0 мл инъекцияға арналған 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде ерітеді. Еріткішті құтыға баяу енгізу қажет, 2-3 минут ұстап, ақуыз көбіктенбеуі үшін сілкілемей, ақырын араластыру қажет.
Парентеральді түрде енгізу үшін әзірленген ерітінді сақтауға келмейді. Вена ішіне енгізуге болмайды!
Ұсынылатын профилактика мен емдеу сызбалары
Жабыспа ауруларының және құрсақ қуысындағы және кіші жамбастағы ағзаларына операциялық араласымдардан кейін түзілетін бұдырлы тыртықтанудың профилактикасы үшін 3000 ХБ дозасы бұлшықет ішіне 5 инъекциядан тұратын курспен 3 күнде 1 рет қолданылады. Қажет болған жағдайда Лонгидаза® препаратын қолдану 5 күнде 1 рет енгізілетін 10 инъекцияға дейінгі курспен жалғастырылуы мүмкін.
Емдеу үшін
гинекологияда:
- ішкі жыныс ағзаларының қабыну аурулары кезіндегі кіші жамбастағы жабыспа үдерісін емдеу үшін 3000 ХБ дозада бұлшықет ішіне 10-15 инъекциядан тұратын курспен 3-5 күнде 1 рет енгізіледі;
- түтікті-перитонеальді бедеулікте бұлшықет ішіне 3000 ХБ-ден, жалпы курсы 15 инъекцияға дейін: алғашқы 5 инъекция 3 күнде 1 рет, әрі қарай 5 күнде 1 рет;
урологияда:
- созылмалы простатитте бұлшықет ішіне 3000 ХБ-ден 10-15 инъекциядан тұратын курспен 5 күнде 1 рет енгізіледі;
- интерстициальді циститте бұлшықет ішіне 3000 ХБ-ден 10 инъекцияға дейінгі курспен 5 күнде 1 рет енгізіледі;
хирургияда:
- құрсақ қуысының ағзаларына операциялық араласымнан кейінгі жабыспа ауруларында бұлшықет ішіне 3000 ХБ дозада 10-нан 15-ке дейінгі инъекциядан тұратын курспен 3-5 күнде 1 рет енгізіледі;
- ұзақ уақыт жазылмайтын жараларда бұлшықет ішіне 3000 ХБ дозада 5-10 инъекциядан тұратын курспен 5 күнде 1 рет енгізіледі;
дерматовенерологияда, косметологияда:
- шектеулі склеродермияда бұлшықет ішіне 3000 ХБ-дан 20 инъекцияға дейінгі курспен 3-5 күнде 1 рет енгізіледі. Дозаны және курсты аурудың клиникалық барысына, сатыларына, орнығуына және пациенттің жекелей ерекшеліктеріне байланысты жекелей таңдап алады;
- инфекциялық емес ониходистрофияда: дайындалған ерітіндінің 1 тамшысы (шамамен 300 ХБ Лонгидаза® препараты) артқы тырнақ буылтығының проекция аймағына, уақыт аралығынсыз, төмен қарқынды инфрақызыл лазерлік сәулеленумен импульс қайталану жиілігі 80-1500 Гц, импульс ұзақтығы 110-160 нс, импульс қуаты 4-6 Вт қолданылады. Фотофорез контактілі-тұрақты әдісін қолдана отырып жүзеге асырылады, алаңда 1 минуттан, әсер етудің жалпы уақыты қолдың немесе аяқтың тырнақтарының оқшауланған зақымдануымен 10 минутқа дейін, ал қолдың немесе аяқтың тырнақтарының аралас зақымдануымен 20 минутқа дейін. Курсы - 15 емшара, күн сайын;
- пиодермиядан, күйіктерден, операциялардан, жарақаттардан кейінгі келоидтық, гипертрофиялық және түзілген тыртықтарда: зақымданған жерге жақын маңайдағы тыртық ішіне немесе теріастына 3000 ХБ дозада 15 инъекцияға дейінгі курспен 3 күнде 1 рет енгізіледі. Лонгидаза® препаратының сұйылту көлемін дәрігер енгізу нүктелерінің санына байланысты таңдайды. Қажет болған жағдайда курс 5 күнде 1 реттік сызба бойынша 25 инъекцияға дейін жалғастырылуы мүмкін. Терінің зақымдану ауданына, тыртықтың түзілген уақытына байланысты, 3000 ХБ дозада 20 инъекцияға дейінгі курспен 5 күнде 1 рет енгізу теріастына және бұлшықет ішіне енгізу кезектестірілуі мүмкін;
- II-IV дәрежедегі тыртық деформациясы бар тұрпайы безеулері (безеуден кейінгі іздер): бұлшықет ішіне 3000 ХБ дозада 10 инъекцияға дейінгі курспен аптасына 2 инъекция енгізіледі.
Лонгидаза® препаратын фотофорез немесе ультрафонофорез емшараларын қолдана отырып, 3000 ХБ дозада, әр курста 15 сеанспен аптасына 5 күн - 3 апта бойы күнделікті енгізуге болады. Дайындалған ерітінді зардап шеккен аймаққа жағылады және уақыт аралығынсыз импульстің қайталану жиілігі 80-1500 Гц немесе жиілігі 880 кГц – 1 МГц ультрадыбыстық үзіліссіз немесе импульстік режимде төмен қарқынды инфрақызыл лазерлік сәулеленуге ұшырайды. Бет жағындағы зақымданудың оқшаулануымен ультрадыбыстық әсер ету қарқындылығы 0,2-0,4 Вт/см2 құрайды. Әсер ету аймағына байланысты шағын сәулелендіргіш қолданылады - 1 см2, орташа - 2 см2, немесе үлкен - 4 см2. Әсер ету әдісі контактілі-лабильді. Жалпы әсер ету алаңы 50 см2 аспауы керек. Жалпы әсер ету уақыты - 5 минут.
пульмонологияда және фтизиатрияда:
- пневмосклерозда бұлшықет ішіне 3000 ХБ-дан 10 инъекциядан тұратын курспен 5 күнде 1 рет енгізіледі;
- фиброзданатын альвеолитте бұлшықет ішіне 3000 ХБ дозада 15 инъекциядан тұратын курспен 5 күнде 1 рет, әрі қарай демеуші ем үшін 25 енгізуге дейінгі жалпы курспен 10 күнде 1 рет енгізіледі;
- туберкулезде бұлшықет ішіне 3000 ХБ дозада 25 инъекцияға дейінгі курспен 5 күнде 1 рет енгізіледі. Аурудың клиникалық көрінісіне және аурудың ағымының ауырлығына байланысты емдеу ұзақ болуы мүмкін (3000 ХБ дозада 6 айдан бастап 1 жылға дейін 10 күнде 1 рет енгізу).
ревматологияда:
- буындар контрактуралары, соның ішінде Дюпюитрен контрактуралары мен қол буындарының бүгілетін тендогенді контрактуралары, контрактура аймағына терінің астына тәулігіне 1 рет 3000 ХБ дозада 15 инъекцияға дейінгі курспен күнделікті 5 күн бойы, әрі қарай екі күндік үзіліспен енгізіледі.
Қайталанатын курс - 1,5 айдан кейін.
Лонгидаза® препаратын инъекциялық енгізуге жергілікті реакциялар дамығанда контрактура аумағына фонофорез әдісі арқылы курспен 12 емшараға дейін аптасына 3 рет күнара енгізуге болады. Дайындалған ерітінді үздіксіз режимде ультрадыбыстық датчиктің әсерімен лабильді әдістемеге сәйкес 0,2 Вт/см2 ультрадыбысты интенсивтілігінде тыртық аймағына қолданылады, емшараның ұзақтығы 10 минутты құрайды. Қайталанатын курс - 1,5 айдан кейін;
- артроздарда, анкилозденетін спондилоартритте зақымданған жерге жақын маңайдағы теріастына 3000 ХБ дозада 15 инъекцияға дейінгі курспен 3 күнде 1 рет енгізіледі; қажет болғанда ем 5 күнде 1 реттік инъекцияға жалғастырылуы мүмкін. Демеуші емнің ұзақтығын дәрігер аурудың ауырлығына байланысты таңдайды;
- гематомада зақымданған жерге жақын маңайда теріастына 3000 ХБ дозада 5 инъекцияға дейінгі курспен 3 күнде 1 рет енгізіледі.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар
Симптомдары: қалтыраумен, температураның көтерілуімен, бас айналумен, гипотензиямен көрініс беруі мүмкін.
Емі: Препарат енгізуді тоқтатады және симптоматикалық ем тағайындайды.